Гипотония ауруы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гипотония ауруы туралы түсінік

Гипотония деп артерия қан тамырының қысымы шамадан тыс төмендеуін айтамыз. Гипотония ауруы гипертония ауруына қарағанда жиірек кездеседі. Артерия қан қысымы қалыптан төмен болған жағдайда қан айналымы баяулап, ағзаларға және олардың әрбір жасушасына жеткізіліп тұратын заттар қажетті мөлшерден аз болады да ағзадағы зат алмасу бұзылады. Артерия қан қысымы негізінен екі көрсеткішпен белгіленеді. Біріншісі – жүрек жиырылып қызыл қанды серпіп тастаған сәттегі қысымның деңгейі, оны систола қысымы дейді. Екіншісі – жүрек босаңсыған сәттегі қысым деңгейін диастола қысымы дейді. Сау адамдардың систола қысымы 100-140 мм сынап бағанасына, ал диастола қысымы 60-80 мм сынап бағанасына тең. Систола қысым мен диастола қысымның айырмашылығын тамырлық қысым дейді. Гипотония физиологиялық және патологиялық деп екіге бөлінеді. Физиологиялық гипотония денесі қатты шыныққан адамдарда, мысалы спортшылар арасында 2,5-3,5 пайыз кездеседі, оларды медициналық тексеруден өткізгенде денсаулығында ешқандай өзгеріс табылмайды.

Аурудың себептері

Патологиялық гипотония деп қан қысымының төмендеуінен әртүрлі мүшелер мен тән жүйелерінде ауытқулардың пайда болуы. Артерия қан қысымы адам түрлі науқаспен сырқаттанғанда, жарақаттанып қансыраған кезде, сондай-ақ ұзаққа созылған туберкулез, асқазан жарасы, обыр секілді ауру науқастардың әсерінен төмендейді. Мұндайда жүрек нашарлап, қан тамырының серпімділік қызметі әсірейді.

Аурудың белгілері

Ауру адамның басы ауырады, басы айналады, жүрек түсінің ауруы, бастың ауруы бірден сақина секілді қысып, кенеттен басталады, кейде біртіндеп дамиды. Біреудің самай тұсі, қарақұсы не төбесі солқылдап ауруы мүмкін. Бас айналу кезінде көз қарауытып, қол-аяқ мұздап, кейде естен танып, талып қалады. Бұл әсіресе отырған орнынан немесе төсектен атып тұрған кезде де жиі байқалады. Артерия қан қысымы төмендегендіктен жүректің тынбастан жұмыс істеп тұрған бұлшық еттіне оттегі жетпейді де инфаркт басталуы мүмкін. Артерия қан қысымы төмендеуінен, жағдайдың өте ауыр күйге түсуін гипотониялық криз дейді. Мұндай кезде адамның құлағы бітіп, басы айналып, құсқысы келеді, қол-аяғы ұйып, бөзарған терісін мұздай тер басады.

Гипотониялық криз болған кездегі жедел - жәрдем

  • Ауру адамды жатқызып, түймесін босатып алады да аяғын сәл жоғары көтеріп қояды;
  • Бетіне мұздай су бүркіп, алақанмен шапалақтайды, сонда жүйкелер тітіркеніп, мидың қан айналысы жақсарады;
  • Мүсәтір спиртін иіскетеді.

Дәрігер келгенше кофеин, цитрамон, аскофен, қою шай немесе кофе беруге болады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Дереккөздер

<references /> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гипотония ауруы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}