Гипоген кендер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гипоген кендер, магматогендік кендер, эндогендік кендер – Жер қыртысының төменгі қабатында геохим. процестердің нәтижесінде түзілген кендер. Гипоген кендер Жер қыртысының тереңдегі бөліктерін қамтитын геол. құрылымдарда орналасады. Гипоген кендер балқыған күйдегі магмадан немесе жоғ. қысым мен температура жағдайында минерал заттарға қаныққан ыстық су ерітінділерінен түзіледі. Осыған байланысты Гипоген кендер 5 генетик. топқа бөлінеді: магмалық, пегматиттік, карбонатиттік, скарндық, гидротермальдық. Магмалық кендер магманың кристалдануы кезінде құрамына қарай ультранегізді, негізді, кейде сілтілі жыныстарға жіктелгенде түзіледі. Бұл жыныстарда ванадий, темір, платина, мыс, сирек металдар, никель, апатит, алмас кездеседі. Пегматиттік кендер магма қалдықтарының интрузивтерге енуінен түзіледі. Оларда керамик]. шикізат, асыл тастар мен металдар шоғырланады. Карбонатиттік кендер кальций, магний, темір карбонаттарының шоғырлануынан түзіледі. Оларда карбонатты минералдармен қатар мыс, ниобий, апатит және флогопит кездеседі. Скарндық кендер магмалық дененің жапсарында минералданған ыстық бу әсерінен түзіліп темір, мыс, вольфрам, молибден, қорғасын, кобальт, алтын, бор және т.б. кентастар көзін құрайды. Гидротермальдық кендерге түсті, асыл және радиоактивті металл кендері кіреді. Олар ыстық әрі минералданған жер асты су ерітінділерінің айналымы кезінде шөгіп түзіледі.

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гипоген кендер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}