Гипогалактия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Гипогалактия-нәрестені емізгенде емшектегі сүттің жетіспей,аз бөлінуін білдіреді.Мұндай жағдай бала емізіп жүрген аналардың оннан бірінде кездесіп отырады.

Себбептері

  • сусамыр сырқатына ұшырау,қалқанша безінің ауыруы
  • жүктілік таксикозы
  • дұрыс тамақтанбау
  • шамадан тыс қажып-шаршау
  • сүт бездерінің шаршауы
  • нәрестенің ему рефлексінің дамымауы себептері жатады

Көмек шаралары

Сүт аздықтың алдын алу мен емдеуде жүйелі түрде жеткілікті тамақтану,қанып ұйықтау,жақсы демалыс,баланы емізерден 10-15 минут бұрын сүтті молайту үшін сұйық тағамдарды(сүт қатқан шай,компот,дәрілік шөптердің қайнатпалары менітұндырмаларын)ішу айрықша маңыз атқарады.Сонымен бірге көмек шараларына мыналар жатады;

  • нүктелі уқалау(массаж)
  • дәрілік өсімдіктерді жинау
  • басқа да халықтық емдер

Мұның ішінде нүктелік уқалауға келсек,жауырынындағы нүктелерді,сәбиді емізерден 20-30 минут бұрын,тұрақты түрде 30-40 секунд уқалап отыру керек. Дәрілік өсімдіктермен емдеу Ана сүтін молайту үшін витаминді шипа ретінде; 1.*қоңыр итмұрын 25,0 гр

  • таңқурай жемісінің 25,0 гр
  • қара қарақат жапырағының 25,0 гр
  • итбүлдірген жапырағының 25,0 гр

2.*қоңыр итмұрын жемісінің 30,0 гр

  • қара қарақат жемісінің 10,0 гр
  • қалақай жапырағының 20,0 гр
  • дәндей егілген сәбіз тамырының 30,0 гр қоспасының 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып,15 минкт қайнатқаннан кейін тұндырмасын 1/2 стақаннан жылы күйінде күніне 2 рет ішу керек.Кәдімгі анис жемісінің 20,0 гр

бақша аскөгі жемісінің 20,0 гр жұпаркүл шөбінің 20,0 гр қоспасының

Халықтық басқа ем түрлері

Бала емісіп жүрнен әйелдердің сүті молайып,тиісті мөлшерде бөлінуі үшін олардың грек жаңғағын,орман жаңғағын,анчоус,тұқы балалық,тауық етін,сәбізді,аскөкті,теңіз капустасын,қара шомырды,асқабақты көбірек жегені абзал.Сол сияқты сүт қосқан шайды,итмұрын жемісінің,зире тұқымының,бақбақ,мыңжапырақ тамырлары мен жапырақтарының тұндырмаларын көбірек ішкені абзал.

Дереккөздер

Қазақсатан әйелдері журналы 1925 Жылдан шыға бастады №10 2001ж.