Гипертониялық криз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Гипертониялық кризжүйке жүйесінің, қан айналымының бұзылыстарға ұшырап, әртүрлі гуморалдық әсерлердің нәтижесінде қан қысымының кенеттен көтеріліп кетуі.<ref name="aytbembet"> Үлгі:Кітап</ref>

Бұндай бұзылысқа жетелейтін жәйсіз жағдайлар: науқастың жүйке және психикалық жүйесінің зорығуы, көп мөлшерде тұз бен сұйықтықты қолдану, алкоголді артық қолдану, егер қан қысымын түсіретін дәрілерді рұқсатсыз тоқтатып тастаса, метерологиялық ауытқулар және т.б. Гипертониялық криз деп нерв жүйесінің, қан айналымының бұзылыстарға ұшырап, әртүрлі гуморалдық әсерлердің нәтижесінде қан қысымының кенеттен көтеріліп кетуін айтады. Бұндай бұзылысқа жетелейтін жәйсіз жағдайлар: науқастың жүйке және психикалық жүйесінің зорығуы, көп мөлшерде тұз бен сұйықтықты қолдану, алкоголді артық қолдану, егер қан қысымын түсіретін дәрілерді рұқсатсыз тоқтатып тастаса, метерологиялық ауытқулар және т.б.

Гипертониялық криздің жіктелуі ағымы бойынша:

1. Асқынған: цереброваскулярлы, кардиалды, қолқаның жедел жыртылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, жедел көздің торлы қабығына қан құйылуы.

2. Асқынбаған

Клиникалық белгілері:

Жаңа басталып келе жатқан кезде науқас мазасызданады. Тері жабындысының түсі (бозарған, гиперемия, цианоз) және ылғалдық. Шеткері ісінуі болуы мүмкін. Жүрек соғуы жиілейді, науқас түрегеліп отыруға мәжбүр бола бастайды. Ауа жетпей жүрегі қысылады. Басы қатты ауырады. Кейін жүрегі айнып құсқысы келеді, тіпті құсуы да мүмкін. Науқастың тілі күрметіліп, сөздері түсініксіздеу бола бастайды. Науқастың қан қысымы қатты көтерілгені байқалады. ЭКГ тексергенде ырғақты, ЖЖЖ, өткізгіштікті, сол жақ қарынша гипертрофиясы, миокард инфарктісі және ишемиясын бағалау.<ref name="aytbembet" />

Жедел жәрдем

Біріншіден науқасқа дұрыс күтім керек, науқастың қалпы - бас жағын жоғары көтеріп жатқызады, 15 минут сайын қан қысымын бақылау, қан қысымын біртіндеп бастапқыдан 15-20% 12-24 сағат ішінде түсіру, ауыз арқылы қан қысымын төмендететің дәрілер қолданылады (каптоприл, нифедипин, метопролол және т.б.).<ref name="aytbembet" />

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер