Гипермәтін

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гипермәтін (HYPERTEXT) — негізіне WWW құрылған мәтін. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.


Гипермәтінді арнайы құжаттар мәтіннің кейбір бөліктері "айқындалатындай" етіліп қалыпқа түсірілген. Олар өзге құжаттарға сілтемелік қызмет етеді. Гипермәтін термині осыдан шыққан. Web-oeirep Гипермәтінді құжаттардан Гипермәтінді белгілеу тілінде Hiper Text Markup Language (HTML) деп аталатын арнайы қалыпта құрастырылған.


Гипермәтіндегі ақпаратты пайдаланғанда Mosaic немесе Netscape секілді Интернет графикалық навигатор пайдаланушыға мәтін мен графика көрсетеді. Айқындалған мәтінмен іздеуішті іске қоса отырып, компьютерде сақталған тиісті құжаттарға немесе көріністерге өтуге, бейне және аудиографика т.б. түрлі ортаны пайдаланатын Web беттерін бірінен соң бірін оқуға және көруге болады.


Сондай-ақ Гипермәтінді құжаттармен клавиш түймелерінің көмегімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мәтіндік навигатор да бар. Алайда оны пайдаланғанда WWW-ның біраз мүмкіндігі жоғалып, ақпараттың мәтіндік бөлігіне ғана қол жетеді.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}