Гинкго

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox writer

Гинкго (Үлгі:Lang-la) – Қытай, Жапон елдерінен таралған, кейде қылқанжапырақты, кейде жалпақжапырақты ағашқа жатқызылатын, құпиясы көп, ғажайып өсімдік.

Ағаш туралы

Гинкго - динозаврлар дәуірінен келе жатқан ағаш. Сол заманнан бері бұл ағаш аса өзгеріске ұшырамаған. Ыстық пен суыққа, газ бен отқа төзімді ағаш. Ғалымдардың зерттеуі бойынша гинкгоның кейбір түрлері 3000 жыл өмір сүреді.Көгалдандыру саласында 1691 жылдан бері қолданылып келеді. Көгалдандыруда кең қолданылғанымен табиғатта жоғалып бара жатқандықтан, 2000 жылы оны дүниежүзілік «Қызыл кітапқа» енгізген. Жапырақтары жүрек тәріздес болғандықтан, қытай, жапон елдерінде оны «махаббат ағашы» деп атап кеткен. Оның жапырақтарын жас ғашықтар бір-біріне сыйға тартады екен. Гинкгоның биіктігі орта есеппен 25-30 м. Жапырағы мен жемісін дәрілік мақсатта қолданады. Жемісі жеуге жарамды, дәмі тұздылау, бірақ иісі жағымсыз. Елімізде бұл ағаш сәндік өсімдік ретінде танымал. Көгалдандыру саласына шет елден әкелініп жерсіндірілуде. Күзге таман барлық жапырағы алтын түстес сарыға боялады. Қос үйлі өсімдік болғандықтан гүлі тозаңдану үшін бір еркек, бір аналық гинкго ағаштарын қатар отырғызу керек.

Қолданылуы

Гинкгоның жапырағы мен ағашында зиянкестер мен ауруға ұшырамайтын қасиет бар. Оның кепкен жапырақтарын көне қолжазбалардың арасына салу арқылы кітап құртынан сақтаған. Хиросимадағы атом бомбасынан кейін гинкгоның тірі қалғандығы, оның өміршеңдігін білдіреді.

Күтімі

Төзімді ағаш болғандықтан, аса көп күтімді талап етпейді,топырақ талғамайды. Уақтылы суғарып, қисық өскен бұтақтарын қырқып, реттеп отыру керек. Топырақ талғамайды. Көшетін кең жерге отырғызу керек.

Көбейтілуі

Тұқымы арқылы арнайы жылыжайларда көбейтеді. Алғашында тұқымнан өскен көшет жай өседі де, биіктігі 1,5 - 2 метрге жеткен соң өсуі жылдамдайды. Қалемшелеу арқылы оңай көбейтіледі.

Гинкго туралы тақпақ

Гинкгоның тарихы тереңде,

Он ғасыр сөз емес ол үшін.

Қытайлар қолданып оны емге,

Тағам ғып жейді екен жемісін.

Біз жақта тым сирек өскенмен,

Жапонда кең жайған өрісін.

Сілтемелер

Дереккөздер

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Ағаштар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 15 б; ISBN 978-601-7237-03-5