Гималай қоңыраушасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Гималай қоңыраушасы<ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref> (Үлгі:Lang-la) – қоңыраугүлдер тұқымдасының қоңырауша туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ол Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауында, Тарбағатайда өседі. Өзен аңғарларында, субальпішалғындықтарында өседі. Бұл көпжылдық жуан тамырлы , биіктігі 40 см. Сабақтың төменгі жағындағы жапырақтар қанатты сағақтарымен ұзындығы жұмыртқа тәрізді, жұмыр тәрізді тақтаға тең. Жоғарғылары жіңішке, отырыңқы, гүлдері көп емес, гүлшоғырында сирек жалғыздан, ұзын гүлтабанында салбырыған. Тостағанша бес бөлікті, өткір қабықты тістерімен, күлтесі кең түтікті қоңыраулы. Ашық кок түсті. Шірнелігі жуан, диаметрі 0,5 см. Қоңырауша маусым, шілдеде гүлдейді, жемісі үш ұяшықты қорапшалар төменгі жағынан үш жерден қақырайды, тамыз, қыркүйекте піседі. Тұқымымен көбейеді. Жабайы жануарлары мен ұй жануарлары үшін азық.

Дереккөздер

<references/>