Гийом Мюссо
Гийом Мюссо
| Туған күні | 06.06.1974 (41 жаста) |
| Туған жері | Антиб, Франция |
| Азаматтығы | Француз |
| Мамандығы | Экономист |
| Жеке сайты | http://www.guillaumemusso.com/?lang=en/ |
Өмірбаяны
Гийом Мюссо - Францияның атақты жазушыларының бірі. 1974 жылы Антибеде (Франция) дүниеге келген.
Балалық шағында көптеген кітаптар оқып, сосын өзінін де романдар жазғысы келетінін түсінген. 19 жасында, француз мектебін бітіріп, АҚШ-қа барады. Бірнеше жыл Нью-Йоркте тұрып, балмұздақ сатумен күн көреді. Үйіне оралғанға дейін роман туралы жоспарын ойластырып қояды. Францияға оралғанда экономика мамандығын оқып бітіріп, мектепте экономика пәнінен сабақ бере бастайды. "Skidamarink" - 2001 жылы алғаш шыққан триллері - Джокон портретінің Луврдан ұрлануы туралы. Ол Францияда кітаптардың сатылымы бойынша 2-ші орында. Бүгінгі таңда Мюссоның 34 тілге аударылған кітаптарының 11 миллион көшірмелері сатылған. 4 кітабына фильм де түсірлген.
Гийом Мюссоның кіші інісі - Валентен Мюссо (1977) да жүргізуші. Ол көбінде детективтер және триллерлер жазған.
Библиографиясы
| Бастапқы атауы | Бастапқы басылымы | Орысша атауы | Орыс тіліне аударғандар | Түсірілген фильмдер |
| Skidamarink | Éditions Anne Carrière, 2001 | ----- | ----- | ----- |
| Et après... | XO éditions, 2004 | После... | Л. Короткова | Заложник смерти, 2008. |
| Sauve-moi | XO Éditions, 2005 | Спаси меня | М. Рожнова | ----- |
| Seras-tu là? | XO Éditions, 2006 | Ты будешь там? | В. Мохте | Права на экранизацию приобретены компанией Les Films Christian Fechner |
| Parce que je t'aime | XO Éditions, 2007 | Потому что я тебя люблю | Е. Кошелева | Пересечение, 2012. |
| Je reviens te chercher | XO Éditions, 2008 | Я возвращаюсь за тобой | Сергей Нечаев | ----- |
| Que serais-je sans toi ? | XO Éditions, 2009 | Чем бы я был без тебя? | ----- | ----- |
| La Fille de papier | XO Éditions, 2010 | Бумажная девушка | Ольга Габе | ----- |
| L'Appel de l'ange | XO Éditions, 2011 | Зов ангела | Сергей Нечаев, Константин Нечаев | ----- |
| 7 ans après | XO Éditions, 2012 | Прошло семь лет... | Марианна Кожевникова | ----- |
| Demain | XO Éditions, 2013 | Завтра | ----- | ----- |
| Central Park | XO éditions, 2014 | Центральный парк | ----- | ----- |
Марапаттаулары
- 2005 — Италия әдеби жүлдесі «Махаббат туралы ең үздік роман».
- 2004 — Франция ең үздік сценарий үшін жүлде.<ref>Гийом Мюссо "Бумажная девушка"</ref>