Гидрофит өсімдіктер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гидрофит өсімдіктер (грек. hudor – су және phуton – өсімдік) – су өсімдіктері. Олардың кейбіреулерінің тамыры жерге жетіп бекінсе (жалпақжапырақты қоға, жүзгіш шалаң, т.б.), енді біреулері бос қалқып жүріп өседі (кішкене балдыршөп, т.б.). Гидрофит өсімдіктер өзен, көл, теңіз және тоғандардың жағалауларында, сондай-ақ балшықты жерлер мен батпақтанған жазықтарда, кейде ылғалды аймақтарда арамшөп ретінде (кербезгүл, қамыс, т.б.) өседі. Гидрофит өсімдіктердің көпшілік түрі – шымтезек түзетін өсімдіктер болып саналады.
Дереккөздер
<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>