Гидротехникалық мелиорация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидротехникалық мелиорация — 1) су мелиорациясы, суармалы жерге су беру режімін реттеу үшін қолданылатын шаралар жүйесі. Белгілі бір уақыт ішінде кеңістікте ылғалды қайта таратып бөлуге мүмкіндік береді. Гидротехникалық мелиорация шараларының қолданылуы арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алынып, жер, су қорлары ұтымды пайдаланылады, сонымен катар табиғат жағдайын жақсартуға әсерін тигізеді;

2) ылғалы шамадан тыс мол және қуаң жерлерде және т.б. топырақтың су жүргісін түбегейлі жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі. Гидротехникалық мелиорацияға: жерді құрғату, суармалау және суландыру, тасқын су мен қар суын дұрыс пайдалану, сортаң жердің тұзын шаю, топырақ эрозиясына қарсы күрес шаралары жатады. Гидротехникалық мелиорация топырақтың су жүргісін меңгеруге мүмкіндік береді, сөйтіп топырақ қабатының ауа, жылу және қоректік жүргісіне ықпал жасау арқылы оның құнарын едәуір арттыруға болады. Әр аймақтың нақты жағдайына қарай гидротехникалық мелиорацияның: оңтүстік және оңтүстік-шығыс қуаңшылық аудандарда — негізінен суармалау; солтүстік және солтүстік-батыс аудандарда — құрғату; сусыз және су тапшы далалық шөлейтті аудандарда суландыру түрі қолданылады. Ірі қалалар мен халық көп тұратын елді мекендер маңындағы жерлер суармаланады; су шаятын беткейлерде су эрозиясына және т.б. қарсы шаралар жүргізіледі. Гидротехникалық мелиорацияны жүзеге асыру үшін бөгет, бөген, кәріз, канал т.б. салынады. Суландыру үшін шахталы және артезиан құдығы, әуіт пен канал, су құбырлары салынады. Өзен суын реттеу үшін олардың арнасын тереңдетеді және бекітеді, қар суын ысырапсыз пайдалану үшін бөген салынады. Гидротехникалық мелиорация жер бетіндегі және жер астындағы судың мөлшеріне, су қарына байланысты. Гидротехникалық мелиорация жерді тиімді пайдалануға, ауыл шаруашылық дақылдарынан мол әрі тұрақты өнім алуға (суармалы телімде суарылмаған егістікке қарағанда дәнді дақылдар түсімі 1,5-2 есе, мал азықтық дақылдар түсімі 4-5 есе артады) болады. Негізгі мақсат — еліміздің экономикалық және шаруашылық қажетін өтеу: мақта шаруашылығын өркендету, қалалар мен өнеркәсіп орталықтарына таяу жерде көкөніс-сүт шаруашылықтарын ұйымдастыру; астық өндіруді арттыру, мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз ету т.б. Гидротехникалық мелиорация — агрономиялық орман мелиорациясымен, химиялық мелиорациямен және т.б. тығыз байланысты. Сондай-ақ, оны ауыспалы егістермен, онда егілетін дақылдармен, сорттардың құрамымен, жоғары агротехникалық тұрғыда ұштастыра білу керек. Мұнда ауыл шаруашылығын механикаландыру, электрлендіру және химияны қолдану кең өріс алады. Тек осы жағдайда ғана гидротехникалық мелиорацияның экономикалық тиімділігі айқын көрінеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гидротехникалық мелиорация|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}