Гидрологиялық маусым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидрологиялық маусым — жылдық оралымның (цикл) бір бөлігі. Бұл кезде өзендердің су немесе мұздық жүргісінің қалыптасуы ортақ сипатқа ие болады. Біздің коңыржай ендіктерде жылдық оралым 4 маусымға: көктем (су тасу), жаз (саба), күз (тасқындық кезең), қыс (саба, сына түсу) болып бөлінеді. Кейде гидрологиялық есептеулерде астрономиялық жыл негізгі 2 кезеңге бөлінеді: сулы кезең (көктемде суы таситын өзендер үшін) және құрғақ кезең (шектеуші). Гидрологиялық маусым лимнологияда (көлтану) көлдердің термикалық жүргісіне сәйкес белгіленеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Қосымша

Гидрологиялық маусым - гидрологиялық жылдың бөлігі; климаттың маусымдық өзгеруінің әсерінен өзендердің су немесе мұз режімдері қалыптасуының бірқатар жалпы ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстанда жьш 4 гидрологиялық маусымға - көктем (су тасқынды кезі), жаз (сабалық кезі), күз (су көтерілуі кезі), қыс (сабалық кезі) болып бөлінеді. Кейде гидрологиялық есептеуде жылды негізгі екі кезеңге — көп сулы (көктемгі су тасуы болатын өзендерге) және аз сулы

(жылдың қалған уақыты) кезеңге бөледі. Көлдер үшін гидрологиялық маусым, негізінен, олардың термиялық режіміне сәйкес (термиялық стра-тификация арқылы) анықталады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гидрологиялық маусым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}