Гидрологиялық болжам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидрологиялық болжам — 1) күтілетін гидрологиялық жүргінің ғылыми негізделген алдын ала болжамы. Осы аймақтағы жалпы физикалық-географиялық процесс құбылыстарының даму және өзара байланыс зандылықтарын білуге негізделген. Қазіргі уақытта гидрологиялық болжам негізінен өзен режімдерін ғылыми болжау түрінде дамиды. Ауыл шаруашылығы жерлерін мелиорациялау кезінде алқаптарды ұзақ уақыт су басудан сақтандыру үшін, бөгендердегі, өзендердегі, каналдағы гидротехникалық имараттардың апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, ағынды реттеуге, сумен қамтуға, суармалауға, суландыруға қажетті су көлемін бағалау үшін гидрологиялық болжамның ерекше мәні бар. Алдын ала болжау мерзіміне қарай гидрологиялық болжам қысқа мерзімді (алдын ала болжау уақыты 15 тәулікке дейін) және ұзақ мерзімді болып жіктеледі; жүргі (режім) сипатына қарай — су болжамы (су тасу мен тасқындардың ең жоғарғы деңгейі және өтімдері, олардың өту мерзімі, су тасу және тасқын кезіндегі жеке гидрологиялық маусымдар және т.б. су көлемі) және мұз болжамы (ағын су мен суқоймадағы, мұз қату және аршылу мерзімдері, мұз қалыңдығы және т.б.) болып бөлінеді. Гидрологиялық болжамның мақсаттық мәні халық шаруашылығы салаларының сұраныстарымен айқындалады. Мелиорация үшін көктемгі ағынды көлемінің (суармалау үшін су жинау), ең жоғары өтім мен гидрографтардың (ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу, гидротехникалық имараттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін), топырақ-грунттардың ылғал қорының (мол өнім қалыптастыру жағдайын қамтамасыз ету үшін) болжамы маңызды;
2) өзен, көл, бөгендердегі түрлі құбылыстардың мерзімдік әрі кеңістіктік дамуын алдын ала есептеп болжаудың ғылыми дәлелденген әдістерін қолдану. Гидрологиялық болжам сулық (маусымдық және тасқындық ағынды көлемдері, ең жоғары және ең төмен су өтімі мен деңгейінің шамасы) және мұздық (өзендердің, көлдердің, бөгендердің қату және ашылу мерзімдері, мұздың қалыңдығы, және т.б.), қысқа мерзімдік (15 тәулікке дейін) және ұзақ мерзімдік (бірнеше ай бұрын) болып сараланады.<ref name="name">Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Әдістері

Гидрологиялық болжам әдістері — өзендегі, көлдегі, бөгендегі нақты пункттегі немесе телімдегі гидрологиялық жүргінің өту уақытын немесе шамасын түрлі дәрежеде жуықтата және алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін есептеу амалдары. Гидрологиялық болжам әдістері нақты физикалық-географиялық өңірдегі гидрологиялық процестердің дамуын анықтайтын бастапқы және соңғы болатын гидрометеорологиялық жағдайлардың өзара байланыстарын талдау негізінде жасалады. Болжамның тәжірибелік (практикалық) амалдарын жасау барысында корелляциялық (тәуелділік) талдау мен математикалық статистика әдістері қолданылады. Оперативтік тәжірибеде қолданылатын гидрологиялық болжам әдістері негізгі үш топқа бөлінеді:

1) арналық желідегі су массаларының қозғалу заңдылықтарына негізделген әдістер;
2) су жинау алабында отетін гидрометеорологиялық процестердің заңдылықтарына негізделген әдістер;
3) кейбір гидрологиялық құбылыстардың (мысалы, өзендер мен көлдердегі мұз қату және аршылу мерзімдері) атмосфералық айналым зандылықтарымен байланысты негізделген әдістер.

Арнадағы және су алабындағы гидрологиялық процестердің даму зандылықтарын қолдануға негізделген бірқатар әдістер де бар. Гидрометеорологиялық болжам әдістерінің бұл категориясына, мысалы, көктемгі су тасу мен жаңбыр тасқындары, тау өзендерінің ағындысы элеменггерінің болжамы және т.б. жатады.<ref name="name"/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гидрологиялық болжам|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}