Гидрологиялық ақпарат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидрологиялық ақпарат — 1) өзеннің, көлдің, суқойманың ағымдағы және болашақтағы гидрологиялық режімі мен құбылысы туралы ақпараттар жинағы. Гидрологиялық ақпаратты алудың алдында гидрологиялық станциялар мен бекеттерде тыңғылықты және жүйелі байқаулар, байқау нэтижелерін өңдеу және оларды жергілікті және ғаламдық табиғат қүбылыстарымен байланыстыру, болжам жасау жүмыстары жүргізіледі, яғни өткен кезеңдегі көпжылдық гидрологиялық режім жөніндегі деректер (ағынды көлемі, ең жоғары және ең төмен су өтімдері мен су деңгейі, химиялық жағдайы т.б.) және объектілердің гидрографиялық жазбалары талданады. Жерді мелиорациялау кезінде Гидрологиялық ақпарат негізінде қүрғату жүйелерінің көрсеткіштерін анықтайтын немесе жылдың жеке маусымдарындағы және өніп-өсу кезіндегі ағындының есептелген шамалары айқындалады немесе пайдаланылуы мүмкін су ресурстарын (ағынды көлемдері және олардың уақыт бойынша жоне аумақтық үлестірілуі) анықтайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}