Гидраттану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Na+H2O.gif
Натрий ионының гидраттануы

Гидраттану - су молекуласының бұзылмай заттың сумен әрекеттесуі. Гидраттану нәтижесінде гидраттар түзіледі. Гидраттану тірі организмдердегі за алмасу поцесінде маңызды рөл аткарады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Гидраттану —
1) суда еріген зат бөлшектерінің су молекуласымен әрекеттесу процесі. Бұл процесс нәтижесінде қалыптасқан түзілімдерді гидраттар, ал оның құрамындағы су молекулаларын гидратты су деп атайды. Гидраттану әрекеті әдетте қайтымды болып келеді, гидраттардың гидратты суды бөліп шығаруымен сипатталатын бұл процесс дегидраттану деп аталады.
2) Тотықтардың гидраттануы — тотықтар мен су бөлшектерінің ажырасуы нәтижесінде жаңа қосылыстардың пайда болуы. Бұл процесс нәтижесінде оқшауланған су молекулалары минерал құрамында дербес позицияларды иеленеді (мыс., Мg(ОН)2брусит немесе Аl(ОН)3гидраргилли), олар конституциялық су деп аталады.
3) Кейбір коллоидті түзілімдердің өз бойына су молекулаларын сіңіріп алу процесі де гидраттану деп аталады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub