Гивеч ку легуме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Djuvec.jpg
Гивеч ку легуме

Гивеч ку легуме (молдаван тағамы). Дайын кәдіні, баклажанды, сәбізді, петрушканы, пиязды ірі-ірі етіп текшелеп турайды да, бәрін қосып табаға салып, өсімдік майына шамалы қуырғаннан кейін үстіне бірнеше ас қасық ет сорпасын немесе су құйып, тілімдеп кесілген жаңа піскен помидор мен тәтті бұрыш салып, тұз себеді. Кақпағын жауып, дайын болғанға дейін бұқтырыл қояды. Мұнан соң көк үрмебұршақ пен жаңа піскен көк бұршақты қайнатып, бұқтырылған көкөніске қосады. Үстіне құмшекер, үгітілген сарымсақ пен дәм қабық, қалампыр, лавр жапырағын салады да, ет пен балыққа гарнир ретінде не болмаса жеке тағам ретінде дастарқанға қояды. 400 г кәді мен баклажанға (әрқайсысы 200 грамнан): 150—200 г сәбіз, 1—2 тал петрушка, 100 грамнан үрмебұршақ пен бұршақ, 200—250 г помидор, 125 г тәтті бұрыш, 4 ас қасық құмшекер, сарымсақ, тұз — татымына қарай.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гивеч ку легуме|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}