Герман Александрович Демидов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әскери қайраткер Демидов Герман Александрович 1927 жылы Алтай өлкесі Егоров ауданы Шубинка селосында туған. Еңбек жолын 1943 жылы Омбы теміржолының Чапы стансасында автоблокировка шеберінің оқушылығынан бастайды. 1945­-1947 жылдары Макушин стансасында монтер болды. 1947 жылдан Петропавл стансасының локомотив депосында машинистің көмекшісі, одан кейін паровоз машинисі, ал 1955 жылдан электровоз бен тепловоз жүргізушісі болып істеді. 1966 жылдан Петропавл стансасындағы локомотив депосында кезекші қызметін атқарды. 1959 жылы 1 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Герман Александрович Демидовқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КОКП-тың ХХІІ съезінің делегаты болып сайланған.

Дереккөздер

  1. Орысша уикипедия
  2. Айбын Энциклопедия

Тағы қараңыз

Демидов Герман Александрович