Гептнер ергежейлі қосаяғы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Гептнер ергежейлі қосаяғы (Үлгі:Lang-la) – кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымдасына жататын кішкентай аң.


Арал өңірінің оңтүстік-шығысының эндемигі. Олар тек Қызылқұмның шөлдерінде ғана мекендейді. Құм басқан тақырлар мен шағыл құмды төбелерде тіршілік етеді. Дене тұрқы 4,0 – 5,5 см, салмағы 10 – 17 г. Құйрығының ұзына бойын жапқан қысқа қылшықтарының ұшындағы шашағы қара түсті әрі үлпілдек болады. Арқасының түсі сұр, басы үлкен. Алдыңғы аяқтары қысқа, жемін ұстауға, ін қазуға бейімделген, артқы аяқтары ұзын, үшбармақты, оның көмегімен секіріп, тез қозғалады. Гептнер ергежейлі қосаяғы өсімдіктердің тұқымдарымен, жемістерімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға түнде шығады. Тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында қысқы ұйқыға кетіп, наурыз айында оянады. Жылына 2 рет көбейіп, сәуірмаусым айларында 2 – 4 қосаяқ табады. Гептнер ергежейлі қосаяғы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала