Георгий Иванович Ксандопуло

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Ксандопуло Георгий Иванович (26 тамыз 1929 жыл, Краснодар өлкесі, Северный ауданы Смоленское село) – химия ғылымдарының докторы (1974), профессоры (1978).

Өмірбаяны

ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қостанай қаласындағы жасанды талшықтар завотында лаборатория меңгерушісі (1953–56), Оңтүстік Қазақстан геология басқармасында ғылым-зерттеу тобының жетекшісі (1956–65), ҚазМУ-да аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1965–79), кафедра меңгерушісі (1979–91) болды. 1991 жылдан Жану мәселелері институтының директоры. Негізгі ғылым еңбектері әр түрлі отындардың жану теориясын, конденсаттанған жүйелер мен газдардағы жалын шебінің тууы және таралуы кезіндегі химия-физикалық процестерді зерттеуге арналған. Ол Қазақстан шикізаты негізінде сирек және асыл металдардың ферроқорытпаларын синтездеп алу мәселелерімен шұғылданады. Ксандопуло 300-ден астам ғылым мақаланың, оның ішінде 4 монографияның авторы, 150-ге жуық авторлық куәлігі мен патенті бар.

Шығармасы

  1. Исследование химических взаимодействий в сложных системах, А.-А., 1984;
  2. Исследование процессов горения, А.-А., 1988;
  3. Проблемы горения газов и конденсированных систем, А., 1998.

Марапаттары

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын лауреаты (1992). Бірнеше медальмен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}