Геоморфологиялық деңгейлер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геоморфологиялық деңгейлер — тегістелген беттер. Жер қыртысының көтерілген бөлікшелерінде оларға экзогендік процестер ықпал етуі нәтижесінде пайда болады. Сынықты таужыныстардың қозғалысқа келуі мен бедердің өзгеруі арқылы білінеді; мұхит деңгейі — абразиялық-аккумуляциялық платформа, эрозиялық пенеплен деңгейі, қар шекарасының деңгейі, тау шыңдары орналасқан бет деңгейі болып сараланады. Геоморфологиялық деңгейлерді зерттеу — эндогендік жоне экзогендік процестердің өзара әрекетін танымдаудың негізгі әрекеті.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Қосымша

Геоморфологиялық деңгейлер - 1) ұзақ уақыт тектоникалық тұрақтану немесе денудация процестерімен орны толтырылатын олсіз өрлеу қоз- ғалыстарының жағдайында қалыптасқан, қазіргі немесе бұрынгы тегіс беттердің деңгейлері. Басым экзогендік процестердің сипатына байланысты Геоморфологиялық деңгейлерді биіктігі бойынша анық ерекшеленген негізгі 4 бөлікке (планеталық) бөледі, олар: абразиялық-аккумуляциялық платформа (шамамен, мұхит деңгейіне сәйкес келеді); эрозиялық пенепленнің деңгейі; қар шегінің деңгейі; таулардың төбе беттерінің деңгейі. "Геоморфологиялық деңгейлер" ұғымын орыс географы К.К. Марков енгізді (1948 ж.); 2) "тегістелу беттері" деген ұғымды білдіреді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub