Геологияға да есеп керек (мақала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геологияға да есеп керекҚаныш Сәтбаевтың В.М.Крейтер және В.Н.Козеренкомен бірігіп жазған мақаласы. Алғаш «Правда» газетінің 1963 жылғы 30 мамырдағы санында жарияланған. Ғалымдар пайдалы кен көздерін ашу және табиғи байлықтарды игеру ісінде орын алып отырған кемшіліктер мен қателіктерді алға тартады. Жер қойнауын зерттеудің қалыптасқан әдістері көп ретте орынсыз шығындарға ұрындыратынын қынжыла жазады. Тереңде жатқан кен орнын ашумен қоса, оның қорын анықтау, игеру жолдарын белгілеу бар. Міне, осы жерде ғылым дәл есеп керек.

Ғалымдар осы тұста Атбасар және Минусин мысты құмын алдын ала зерттеулерсіз жүргізудің салдарынан миллиондаған сом қаржының босқа рәсуа болғанын мысалға келтіреді. Барлаушы-геолог күрделі барлау мәселесін шешер алдында геология, геофизика, геохимия, физика-математика және техника ғылымдарының барлық мағлұматтарын барынша пайдалануы керек.

Соған орай, геология ғылымының аса маңызды саласы - пайдалы кен орындарын болжау, іздеу және барлау ілімін кешіктірмей қолға алып, шешуді қажет етіп отырған мәселелер қатарында Орал, Қазақстан, Сібір, Орта Азия, Кавказ, Украина, Коль жарты аралы сияқты аудандардың объективті кешенді металлогендік болжам картасын жасау мәселесін атайды. Бұл үшін ғалымдар алдында математикалық қорытындылар жасауды қолға алу міндеті тұрғандығын атап көрсетеді.

Геологиялық, ғылыми-зерттеу институттары құрамынан пайдалы қазбаларды болжау, іздеу және барлаудың теориялық мәселелерімен айналысатын арнаулы топтар мен зертханалар ашу, еліміздің барлық геологиялық жоғары оқу орындарындағы тиісті кафедраларды ұлғайтып, нығайту, аспирантуралардың жұмысын жандандыру мәселелерін ұсынады. Мақала кейін ұлы ғалымның 5 томдық таңдамалы еңбектерінің 1968 жылы жарық көрген 3-кітабына енді.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Геологияға да есеп керек (мақала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}