Геодинамика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геодинамика(гр. geo - жер және dynamіs — күш)<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref> — Жер деп аталатын алып геологиялық жүйе аумағындағы барша процестерді, сол процестерді қамтамасыз ететін күштер өрісін зерттейтін ғылым. Геодинамика Жер туралы басқа ғылымдармен, әсіресе геофизика, геохимия, петрология, тектоникамен тығыз байланысты. Геодинамика жеке ғылым болып 1950 жылдан қалыптаса бастады. Оның бастауында неміс ғалымы А.Вегенер, Америка ғалымдары А. Холмс пен Х. Хесс тұрды. Зерттеу объектілеріне қарай Геодинамика бірнеше бағытқа жіктеледі. Жалпы Геодинамика немесе ішкі қабықтар Г-сы тереңдегі процестерді зерттейді. Дербес Геодинамика сыртқы қабықтардағы процестерді, яғни литосфералық плиталардың қозғалысын, олардың Г-лық жағдайларын, т.б. анықтайды. Аймақтық Геодинамика литосфералық плиталардың өзара әсерлесуін және жер бетінің нақтылы бір аймақтарындағы әсерлесу нәтижелерін зерттейді. Тарихи Геодинамика немесе палеогеодинамика өткен геол. мерзімдердегі Г-лық жағдайларды қарастырады.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Геодинамика|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}