Географиялық орын
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Географиялық орын — географиялық объектінің жер бетіне өзара қатынастағы өзге де объектілерге қарағандағы орны; объектінің табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары және оның шектелген орналасу ерекшеліктері туралы түсінік беретін маңызды сипаттамасы.
Жер бетіне қатысты географиялық орын — географиялык объектілердің түрлі қасиеттерінің және олардың өзге де объектілермен және құбылыстармен байланысты өзгерістерінің динамикалық сипаттамасы. Физикалық-географиялық орын, экономикалық- географиялық орын, көліктік-географиялық орын және т.б. болып бөлінеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>