Генрих Шмидтгаль

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Футболшы Генрих Шмидтгаль (Үлгі:Lang-de; 20 қараша 1985, Есік, Алматы облысы, Қазақ КСР, КСРО) – сол қапталдағы қорғаушы, жартылай қорғаушы.

Карьерасы және өмірбаяны

1985 жылы, 20 қарашада Алматы облысы, Есік қаласында дүниеге келген. Генрих екі жасқа толған кезде отбасы Германияға көшіп кеткен. Алғаш «Ферль» клубының футбол мектебінен тәлім алған. 2003 жылдың 27 тамызында осы клуб сапындағы дебюттік кездесуін өткізді. Бастапқы кездері сол қапталдағы шабуылшы болып өнер көрсеткен. Бірақ, кейіннен бойының қысқалығына байланысты орталық алаңға ойысады.

Бұл командада ол 2007 жылға дейін ойнады. Соңғы маусымда 7 гол соғып және нәтижелі пастарымен көзге түседі. Осыдан соң, футболшыға өзге клубтар тарапынан ұсыныс түседі. Нәтижесінде «Ферльден» кетуді ұйғарады.

«Ферльден» кеткен соң, «Бохумның» фарм-клубында ойнады. Онда көп тұрақтамады. 2009 жылы Германия Оберлигасындағы «Рот-Вайсс» командасына ауысты. Екі жылда 51 рет алаңға шығып, 5 голдың авторы атанды. «Рот-Вайсстан» кейін «Гройтер Фюрт» тарапынан ұсыныс түсіп, 2011 жылдың 20 мамырында келісімшартқа отырады. Шмидтгаль келген жылы «Гройтер Фюрт» Германияның Екінші лигасында чемпион атанып, Бундеслигада ойнау құқығына ие болды. Былтырғы маусымда Германия чемпионатында өз командасының сол қапталдағы негізгі қорғаушысы болды. Бірақ, бұл команда маусым қорытындысы бойынша біріншіліктегі өз орнын сақтап қала алмады. Осыдан соң, Генрих Дюссельдорфтың «Фортуна» клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

Ұлттық құрамадағы ойыны

Шмидтгальды Қазақстан құрамасына 2010 жылы сол кездегі бас бапкер Бернд Шторк шақырған болатын. Осы уақытқа дейін ұлттық құрама сапында 12 кездесуге қатысып, 1 доп соққан. Жалғыз голын басқа-басқа емес, 2013 жылы Нюрнбергте Германия қақпасына енгізді. Мануэль Нойердің қателігін сәтті пайдаланған болатын.

Ұлттық құраманың соңғы ойындарына Шмидтгаль қатысқан жоқ. Атап айтсақ, сол Германиямен өткен қос матчтан соң Болгария, Грузия, Фарер аралдары,Швеция, Ирландия мачтарымен болған кездесулерге келмеді. Көбінесе жарақат, денсаулығына байланысты деген жауаппен шектеліп жүр.

11 ойын/1гол;2 жеңіс;1 тең ойын;11 жеңіліс

Жетістіктері

Жеке

Журнал « GOAL » бойынша Қазақстандағы жыл футболшы,2011

Клубпен

Екінші Бундес Лига Чемпионы 2011/2012

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Cілтемелер