Гебрид аралдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гебрид аралдарыАтлант мұхитындағы Британия аралдарының құрамына кіретін, Шотландияның солт.-батысында орналасқан топарал. Жалпы саны 500-ге жуық аралдардан құралған Гаусс а-ның аумағы 7,5 мың км². Ірілері — Льюис, Скай және Малл аралдары. Абсолютiк биіктігі 1009 м (Куллин-Хилс тауы, Скай аралы). Жер бедері, негізінен, тастақты жазықтар мен аласа келген жатаған жоталардан тұрады. Гаусс а. континенттік қайраңда орналасқан, көп жерлерінде көне Эрия құрлығының қалдығы байқалады. Аралдардың қазіргі келбетінің қалыптасуына плейстоцендік мұз басудың әсері зор, сонымен бірге лавалық алаптар да орын алған. Климаты қоңыржай теңіздік, өте ылғалды. Қаңтардың орташа көп жылдық температурасы 4 — 6°С, шілдеде 12 — 14°С, жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 1000 — 2000 мм. Өсімдік жамылғысы мәңгі жасыл (вегетациясын тоқтатпайтын) жасаңдар мен верещатниктерден тұрады. Аралдар Ұлыбритания мемлекет құрамына кіреді. Тұрғындарының негізгі кәсібі — балық аулау мен қой өсіру.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гебрид аралдары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}