Гдалий Исаакович Пинхасик

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гдалий Исаакович Пинхасик (1897-1938),партия кызметкері, Қарағанды облысын алғаш ұйымдастырушышардың бірі. 1918 жылдан КОКП мүшесі. Қазақстанда БК (б) П ОК шакыруы бойынша 1933 жылдан Өлкелік партия комитетінің бұқаралық үгіт бөлімі меңгерушісі, партияның 17-съезі жұмысынын аяғына дейін хатшысы, өнеркәсіп-транспорт бөлімінің меңгерушісі. 1936 ж.қыркүйектен орталығы Қарағанды қаласы болып жанадан ашылған Қарағанды облысынын құ - рылуына байланысты Өлкелік комитеттің ұйымдастыру бюросының хатшысы болады. 1937 ж.мамырда облыстық партия конференциясында Қазақстан КП облыстық комитеттің 1-хатшысы болып сайланады. Пинхасик облыс партия ұйымын құруға, өлкенін өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосады. 1 сайланған КСРОЖоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады. Халықтың зор сеніміне ие болады. Алайда «Правда» газетінін 1938 ж. 17 мамырдағы санында жарияланған «Аллилуйщина вместе большевисткой критики» деген макаласында Пинхасик пен Л.Мирзоян (Қазақстан К П ОК 1-хатшысы) катты сынға алынады. Олар өздерін мадақтауға жол береді, кейбір сыналған адамдарды қорғайды деген айып тағылады. Мұның арты аталған адамдардың «халық жаулары» қатарына қосылып, ату жазасына кесілуіне әкеп соқты.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}