Гватемалалықтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ГватемалалықтарГватемаланың тұрғылықты халқы. Мексика мен Сальвадорда да аздап кездеседі. Жалпы саны — 4,4 млн. (1995). Гаусс ақ пен сары нәсілдің араласуынан шыққан аралық нәсілге жатады. Тек 1%-і ғана ақ нәсілділер. Гаусс испан тілінің оңт. америкалық диалектісінде сөйлейді. Христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Гватемала этносының қалыптасуы 16 ғ-дағы испандардың отарлау кезеңінен басталып, 19 ғ-дың аяғына дейін созылады. 1821 ж. тәуелсіз Гватемала Республикасының құрылуы (қ. Гватемала) Г-дың бір этносқа топтасу процесін жеделдетті. Г-дың негізгі кәсібі — егін ш. Жүгері, майс пен бұршақ дақылын, мақта, темекі, какао, асқабақ, түрлі көкөністер, кофе, банан, қант қызылшасын өсіреді. Ұлттық қолөнерінде тоқу, өру және қыш пен көзеден бұйым жасау дамыған. Қабырғаларын қамыстан, адоба ағашының бұтақтарынан өріп тұрғызып, сыртын балшықпен сылап, шатырын пальма жапырағымен жапқан лашықтарда, ал ауқаттылары қабырғалары кірпіштен қаланған шатырлы, еденді үйлерде тұрады. Ұлттық тағамдары — маис ұнынан пісірілген тоқаш, лобия мен асқабақ қосқан тағам. Сондай-ақ, бұрыш пен көкөністен дайындалған ет тағамдары. Негізгі сусындары суға маис ұны мен бал қосылып даярланады. Г-дың ұлттық киімдерінде Америка үндістері мен испан халқының киім үлгілері байқалады. Г-дың ұлттық мерекелері егіншілік, діни мейрамдар, желеп-жебеуші үндіс әулиелеріне сиыну ғұрыптарымен байланысты.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гватемалалықтар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}