Гауһар Қаспақова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гаухар Қаспақова (3.5.1978 жылы туған, Меркі ауданы) – әнші.

Орта мектептен кейін Тараз қаласындағы мәдениет және өнер колледжін, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын бітірген. Қаспақованың әншілік жолы 1996 жылы басталды. Ш.Қалдаяқов атындағы халықараралық «Менің Қазақстаным» ән байқауында озып шығып, «Алтын қанат» аталатын бірінші жүлдені жеңіп алды. 1998 жылы Азия құрлығының музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың халықаралық байқауы – «Азия дауысының» дипломанты болды. Келесі жылы өткен «Ыстықкөл» халықараралық ән байқауында 1-орын алды. 2000 жылы Жастар Одағы сыйлығының ең жас лауреаты атанды.

Қаспақованың репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар орыс, түрік, қытай, қырғыз тіліндегі әндер бар. Ол, әсіресе, «Алғашқы көктем», «Құс жолы», Әсеттің «Хисмет», қырғыз халқының «Жамғыр», сондай-ақ «Мен сені ойлайтынмын», «Сүйеді екенмін» әндерін шебер орындайды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}