Гарцбургит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гарцбургит. Интрузивті асанегізді (Si02< 45%) тау жынысы, перидотиттердің бір түрі.<ref> Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сейітов, А. Абдулин. — Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4</ref>

Гарцбургит — ультранегізді интрузиялық таужыныс перидотиттің оливин мен ромбылық пироксеннен (энстатиттен не бронзиттен) тұратын түрі. Түсі қара, қара қоңыр, жасылдау. Бітімі шомбал, кейде шлирлі, теңбіл. Құрылымы орта, кейде ірі, әркелкі түйірлі гипидиоморфты пойкилитгік. Оливин пироксенге қарағанда дұрыс пішінді болып келеді. Оливин көбіне жарық бойымен, кейін түгелдей серпентинге айналады. Ромбылық пироксен бойынша бастит дамиды. Гарцбургит ультранегізділердің ішінде басқалардан көбірек дамыған.<ref> Қазак тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Geology-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}