Гавриил Моисеевич Бойченко
Үлгі:Театр қайраткері Гавриил Моисеевич Бойченко (1 ақпан 1927, Ессентуки, РКФСР, КСРО — 1 тамыз 2013, Алматы) — актер, Қазақстанның халық әртісі (1987).
Өмірбаяны
Ставрополь өлкелік орыс драма театры жанындағы студияны бітіргеннен кейін осы театрдың негізгі құрамына қабылданды (1947). 1949 - 1953 ж. Есентуки қаласында көркемөнерпаздар үйірмесін басқарды, кейінен Иркутскінің (1953 - 1960) және Астраханның (1960- 1962) балалар және жасөспірімдер театрында актер болып, көбіне балалар рольдерін орындаумен көзге түсті. 1962 ж. Қазақ балалар және жасөспірімдер театрына қабылданып, 1985 - 1987 ж. осы театрдың орыс бөлімінің директоры қызметін атқарды. 1994 жылдан Республикалақ орыс драма театрының актері.
Бойченко актерлік шеберлігіне ой мен пластикалық әрекет тұтастығы, шынайылық, сахналық үйлесімділік тән. Оның театрда ойнаған таңдаулы рольдері қатарында Мишка (И.Н. Серебряковтың "Қызыл перілерінде"), Белоянис (Н.М. Гусевтің "Ақ қалампырлы адамында"), Барон Мюнхгаузен (Г.М. Гориннің "Ең шыншылында"), т.б. бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
- 1 ақпанда туғандар
- 1927 жылы туғандар
- Ессентукиде туғандар
- 1 тамызда қайтыс болғандар
- 2013 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
- Қазақстан халық әртістері
- Еңбек ардагері медалінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары
- М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры тұлғалары
- Ставрополь өлкелік орыс драма театры жанындағы студия түлектері
- Ставрополь өлкелік орыс драма театры тұлғалары
- Иркутск балалар және жасөспірімдер театры тұлғалары
- Астрахан балалар және жасөспірімдер театры тұлғалары