Вячеслав Қаменұлы Ғиззатов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Вячеслав Қаменұлы Ғиззатов (9 сәуір 1942, Батыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР — 29 қыркүйек 2021) — қазақстандық мемлекет қайраткері, дипломат.
Өмірбаяны
1964 жылы Сарытау заң институтын құқықтанушы-заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1967-1970 жылдары — КСРО СІМ жоғарғы дипломатиялық мектебінде оқыды.
1970 жылдың тамызынан бастап — КСРО СІМ үшінші хатшысы болды.
1971 жылдан бастап — Қытайдағы КСРО елшілігінің екінші хатшысы болды.
1974 жылдың желтоқсанынан бастап — КСРО Ғылым академиясы Қиыр Шығыс институтының аға ғылыми қызметкері.
1978-1985 жылдары — Финляндия мен Лаостағы КСРО елшіліктерінде жұмыс істеді.
1985 жылдан бастап — КСРО СІМ бірінші хатшысы, кейін КСРО СІМ, РФ СІМ кеңесшісі.
1992 жылдың мамырынан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР СІМ Еуропа және Америка елдері бөлімінің бастығы.
1993 жылғы тамыздан 1996 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
1996 жылдың қарашасынан 2000 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшісі болды.
2000 жылдың тамызынан 2003 жылдың қазанына дейін — Қазақстан Республикасының ГФР елшісі болды.
2004 жылдың қаңтарынан 2005 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы елшісі болды.
2006 жылдың сәуірінен — ҚР СІМ мемлекеттік шекараны белгілеу департаментінің бастығы.
2009 жылдың қаңтарынан — Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ағымдағы төрағасының мұсылмандарға қарсы төзімсіздік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі.
Қосымша
Әскери атағы – запастағы полковник.
Қазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерін білген.
Марапаттары
- «Ерен еңбегі үшін» медалі<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016)<ref>Үлгі:Cite web</ref>