Вячеслав Магомедович Богатырев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Вячеслав Магомедович Богатырев (12 қазан 1977 жыл, Алматы, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. Қазақстан ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Карьерасы

Ұлттық құрама сапында тоғыз рет алаңға шығып, бір рет мергендігімен көзге түсті (2000 жылы 28 мамыр күні Палестинаның қақпасына енгізді). Алғашқы ойыны — 2000 жылғы 24 мамырдағы Иранға қарсы кездесу<ref>http://footballfacts.ru/matches/280560-0-3</ref>.

ӘЧ-2002 іріктеуінде алты ойынға түгел қатысты. Бірақ қазақстандықтар үшін сәтсіз аяқталған бұл турнирден соң қайтадан ұлттық құрама жейдесін кимеді.

2002 жылдың соңында "Ақтөбеден" "Жетісуға" ауысты да, жарақаттың кесірінен біраз жыл футболдан шеттеп қалды. 2007 жылы карьерасын қайта жаңғыртып, "Оқжетпес" сапына ауысты. Үш кездесу ғана өткізіп, қайтадан футболшылық ғұмырына нүкте қойды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер