Вячеслав Константинович Ким

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кәсіпкер Вячеслав Константинович Ким (1969 жылы 12 маусымда туған, Алматы, Қазақ КСР) — экономист, қаржыгер, қоғам қайраткері; Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі, акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан ұлттық таэквондо федерациясының президенті.

Білімі

Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1996 жыл)<ref>О. Жәутіков атындағы мектептің түлектері - 5министр Үлгі:Deadlink</ref>. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша (1998 жыл), Ресей-Қазақстан қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша» (2002 жыл) бітірген.

1987 - 1989 жж. – КСРО қарулы күштері қатарында әскери қызмет атқарған<ref>Ким Вячеслав Константинович (дербес анықтама)</ref>.

Мансабы

1990 ж. серіктесімен бірге Коноваловтың офтальмологиялық клиникасын құрды<ref name="forbes.kz">Forbes Kazakhstan ұсынады: 2020 жыл бизнесмені</ref>.

1996 - 2004 жж. – «ALTAIR» АҚ, «Азия Техникс» ЖШС, «ATG» ЖШС компанияларында бөлшек сауда бизнесімен, электрондық техниканы дистрибуциялаумен айналысты.

1993 - 2005 жж. – «Планета электроники» сауда желісінің негізін қалаушылары мен иелерінің бірі <ref name="forbes.kz"/>.

2003 - 2004 жж. – Қазақстандық тауар өндірушілер мен техника қауымдастығының қадағалау кеңесінің төрағасы <ref name="Вячеслав Кимнің қызметі">Вячеслав Кимнің қызметі</ref>.

2004 - 2005 жж. – «Азия ТехниксГрупп» АҚ президенті<ref>Салауатты перфекционизм Үлгі:Webarchive</ref>.

2004 - 2006 жж. – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі <ref>Қазақстандағы 100 жаңа есім – Вячеслав Ким Үлгі:Webarchive</ref>.

2005 - 2006 жж. – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ экономика жөніндегі басқарушы директоры <ref>Қазақстанның Таеквондо федерациясының президенті болып танымал банкир Вячеслав Ким сайланды Үлгі:Webarchive</ref>.

Kaspi.kz

2002 - 2006 жж. – «Банк «Каспийский» АҚ акционері және директорлар кеңесінің мүшесі <ref>«Банк «Каспийский» ААҚ (Қазақстан) директорлар кеңесінің құрамы өзгерді</ref>.

2006 - 2008 жж. – «Банк «Каспийский» АҚ ірі акционері және директорлар кеңесінің төрағасы <ref>«Банк «Каспийский» АҚ (Қазақстан) өзінің ірі акционерлері туралы ақпарат берді</ref>.

2008 ж. бастап «Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады <ref>Топ-менеджмент өзінің жаңа kaspi bank брендін таныстырды</ref>.

2018 жылғы 5 желтоқсаннан бастап Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы <ref>Kaspi.kz АҚ директорлар кеңесінің төрағасы сайланды Үлгі:Webarchive</ref>.

Kaspi.kz IPO-сы 2020 жылдың қазан айында Лондон қор биржасында сәтті өткізілгеннен кейін Bloomberg ақпараттық агенттігінің бағалауы бойынша Вячеслав Кимге тиесілі акциялар пакетінің құны 1,9 миллиард АҚШ долларын құрады <ref>Digital Frenzy Creates Two Billionaires in U.K. Fintech IPO</ref><ref>Kaspi.kz компаниясы IPO-ның сәтті өткізілгенін хабарлады</ref>.

2020 жылғы 21 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вячеслав Киммен және Kaspi.kz басқарма төрағасы Михаил Ломтадземен кездесу өткізді, кездесу барысында цифрлық сервистерді дамыту стратегиясы, Қазақстандағы электрондық коммерцияның өсу перспективасы, сондай-ақ компанияның шағын және орта бизнесті қолдау жоспарлары талқыланды. Президент Kaspi.kz қызметіне техникалық инновацияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті <ref>Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді</ref><ref>Тоқаев Kaspi.kz басшыларын қабылдады. Ким мен Ломтадзе президентке IPO-ға дайындық туралы айтып өтті</ref>.

Бір жылдан кейін 2021 жылғы 26 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz негізін қалаушылар - Вячеслав Киммен және Михаилом Ломтадземен екінші кездесу өткізді, оның барысында мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz-тің бірлескен қызметінің перспективалық бағыттары айқындалды, соның ішінде Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қатысты мәселелер нақтыланды<ref>Тоқаев пен Kaspi.kz негізін қалаушылар мемлекеттік органдар мен компаниялардың бірлескен қызметін талқылады</ref>.

Басқа жобалар

2013 ж. бастап Kolesa Group компаниясының тең иеленушісі <ref>«Колеса» мен «Крышаның» иелері өзгерді</ref>.

2016 - 2019 жж. – «Аллюр Компаниялар Тобы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директоры <ref>AllurGroup компаниясының директорлар кеңесінің құрамы өзгерді Үлгі:Webarchive</ref>.

2015 ж. бастап – «Алсеко» компаниясының тең иеленушісі <ref>Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «АЛСЕКО» АҚ акцияларының 90%-ын сатып алды </ref>.

2017 жылдан 2019 жылға дейін – «Magnum» сауда желісінің тең иеленушісі <ref>Вячеслав Ким Кеңес Рақышевтан Magnum-дағы үлесін сатып алды</ref>.

2019 ж. бастап – «Magnum» сауда желісінің қадағалау кеңесінің төрағасы <ref>«Магнумның» оқиғалары</ref>.

Қаржылық жағдайы

2002 жылдан бастап Вячеслав Ким жыл сайын Forbes Kazakhstan журналы жариялап отыратын Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімінің жоғарғы орындарынан көрініп келеді. Ол 2012 жылғы 24-ші орыннан 2020 жылы 8-ші орынға көтерілді, әл-ауқаты 639 миллион долларға бағаланды <ref>Қазақстанның ең дәулетті 50 бизнесмені – 2020</ref>. 2019 жылғы 15 қазанда Қазақстанның ең беделді бизнесмендердің ондығына кірді <ref>ең беделді 50 бизнесмен - 2019</ref>. 2020 жылы Forbes Kazakhstan журналының редакциясы өз тарихында алғаш рет бірден екі кәсіпкерді – Kaspi.kz негізін қалаушы Вячеслав Ким мен компанияның негізін қалаушы және басқарма төрағасы Михаил Ломтадзені «Жыл бизнесмені» атағының лауреаттары деп жариялады <ref>Дуумвират: Forbes Kazakhstan 2020 жылдың үздік бизнесменін таңдады</ref>.

Қоғамдық қызметі

Қоғамдық және спорт ұйымдарын қолдау

2016 - 2019 жж. – Қазақстан Республикасындағы Кендо және Иайдо федерациясының президенті <ref>Kazakhstan Kendo Federation</ref>.

2013 жылғы 11 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан ұлттық таеквондо федерациясының президенті<ref>Таэквондо федерациясының президенті болып Вячеслав Ким сайланды</ref><ref>Қазақстан таеквондо WT федерациясының басшылығы Үлгі:Webarchive</ref>. Таэквондо федерациясын басқарған кезде Вячеслав Ким федерацияны қаржыландыруды жолға қойды, спортшылар барлық қажетті формамен, спорттық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді. Жаттықтырушылар командасы спорттың осы түрінде дәстүрлі түрде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген елдердің мамандарымен толықты <ref name="Вячеслав Кимнің қызметі"/>.

2017 жылғы 13 сәуірден бастап «FizmatEndowmentFund» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің құрамына кіреді <ref>«Fizmat Endowment Fund» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің құрамы Үлгі:Webarchive</ref>, член совета директоров Республиканской физико-математической школы<ref>«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі</ref>. 2018 жылы «AlmatyTriathlonFederation» Алматы триатлон федерациясының қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді<ref>«Almaty Triathlon Federation» ҚБ Үлгі:Webarchive</ref>.

2019 жылдан бастап Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы – «Kazakhgeography» РҚБ қамқоршылық кеңесінің мүшесі<ref>Қазақстанның ең беделді 50 бизнесмені (2020 ж. желтоқсан)</ref><ref>«QazaqGeography» РҚБ қамқоршылық кеңесі</ref>.

Қайырымдылық қызметі

2010 - 2014 жж. – «Аяла» қайырымдылық қорына «Тыныс ал, балақай» жобасы бойынша демеушілік көмек көрсетті<ref>Өмір ақшадан қымбат</ref>.

2016 жылдан бастап «Мейірімділік» ерікті қоғамының қамқоршылық кеңесінің мүшесі<ref>Вячеслав Ким «Аутизмді жеңеміз» жобасына үй ашты Үлгі:Webarchive</ref><ref>«Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі</ref>. 2017 жылғы наурыз айында Вячеслав Ким Михаил Ломтадземен бірге «Аутизмді жеңеміз» жобасына ауданы 1400 шаршы метр күрделі жөндеуден өткен ғимаратты сыйға тартты <ref>Алматыда «Аутизмді жеңеміз» жобасының қоныс тойы өтті</ref>.

2013 жылдан бастап «Өз бизнесіңді жаса» жобасы бойынша «Сәби» қайырымдылық қорының қамқоршылары мен серіктестерінің бірі<ref>Кеңес Рақышев пен Вячеслав Ким жас кәсіпкерлерге $260 мың табыс етті</ref><ref>«Өз бизнесіңді жаса» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды</ref>.

2020 жылы Kaspi.kz негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе коронавирус пандемиясымен күреске белсенді түрде қатысып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне қаржылық қолдау көрсетті, экспресс-тестілер мен ӨЖЖ аппараттарын сатып алуға 100 миллион теңге бөлді<ref>«Сәби» қоры мен Kaspi.kz коронавирусқа арналған экспресс-тестіге 200 миллион теңге бөлді</ref> және пандемиямен күресу үшін мемлекетке 100 жедел жәрдем көлігін тегін берді<ref>Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады</ref>.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер