Волын агроөнеркәсіп кешені

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Волын агроөнеркәсіп кешені», жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Бұқар жырау ауданында, Қарағандыдан онтүстік-батысқа 5 км, Қарағанды—Жезқазған автожолынын бойында орналасқан. 1974 жылы «Волын» кеңшар-кешені ретінде ұйымдастырылған. 2000 жылы соның базасында ЖШС құрылып, өндіріс бағыты сақталды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыты — шошқа өсіру және бордақылау. Шұжық цехы, құрама жем зауыты бар. 1981 жылы кеңшар-кешен «Қаз КСР-інің Алтын Құрмет кітабына» жазылған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала