Владислав Владимиров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владислав Владимиров - 1939 жылы 14 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген. 1963 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты. «Алматинская правда», «Огни Алатау», «Вечерняя Алма-Ата» газеттерінде, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумында, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде жауапты жұмыстар атқарған.

Шығармалары

«Керек адам», «Ер есімін бағалай біл», «Туған жердің желі», «Жабынның жарқылымен бірге», «Қауышудың қайнар көзі», «Қолғаппен және қолғапсыз», «Комиссарға не дейміз?», «Қарапайым Ивановтар», «Үзіліссіз қойылым», т.б. көптеген деректі және көркем прозалық кітаптардың авторы. «Бернули заңы» романы қазақ тіліне аударылған.

Жетістіктері

«Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}