Владимир Трофимович Архипенков
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Владимир Трофимович Архипенков (14 наурыз 1936, Мәскеу облысы Тула облысы Донской қаласы) — Қазақстанның халық артисті (1998).
- Владивосток драма театрының жанындағы студияны бітірген соң Абакан, Владивосток, Иркутск, Канск, Қарағанды, Мәскеу, Саратов драма театрларында жұмыс істеген.
- 1966 жылдан бері Ақмола облысы орыс драма театрының артисі. Осында Давыдов (М.Шолоховтың “Көтерілген тыңында”), Кассио, Капулетти (У.Шекспирдің “Отеллосы” мен “Ромео мен Джульеттасында”), Никита (Л.Толстойдың “Қараңғылық құрсауында”), Кузькин (В.Шукшиннің “Пысықайларында”), Кулигин, Большов (А.Островскийдің “Найзағайы” мен “Банкротында”), Павел Демидов (А.Ивановтың “Күнәлі жердегі өмірінде”), Пилат (М.Булгаковтың “Шебер мен Маргаритасында”), Кетбұғы жырау (И.Оразбаевтың “Шыңғысханында”), Кемский (М.Горькийдің “Өтірік ақшасында”), Қарабай (Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян Сұлуында”), Құнанбай (М.Әуезовтің романы бойынша қойылған “Шындық іздеп шарқ ұрып” спектаклінде), Фирс (А.Чеховтың “Шие бағында”) рөлдері арқылы Қазақстан сахна өнерінің дамуына елеулі үлес қосты.
Марапаттары
- Қазақстанның халық артисті (1998).
- “Халықтар достығы” орденімен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>