Владимир Степанович Бубенко

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Владимир Степанович Бубенко (16.10.1954, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Надежка ауылы) - қоғам қайраткері, Орыс.

Целиноград ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін бітірген (1976), инженер-механик.

1971 жылдан - Целиноград ауылшаруашылық институтының студенті. 1976 жылдан - СҚО Булаев ауданының Калинин атындағы кеңшарында аға диспетчер. 1977 жылдан - СҚО Булаев ауданы «Молодежный» кеңшарының МТШ меңгерушісі, кеңшардың бас инженері. 1979 жылдан - СҚО Булаев аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1980 жылдан - Кеңес Әскөрінің қатарында қызметте.

1982 жылдан - СҚО Булаев ауданы «Медвежинский» кеңшарының бас инженері. 1984 жылдан - СҚО Соколов аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас инженері. 1986 жылдан - СҚО Соколов аудандық ААӨБ төрағасының орынбасары, МТС базасының басқарушысы. 1990 жылдан - СҚО Соколов ауданының ААӨБ төрағасы. 1992 жылдан - СҚО Соколов аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары - СҚО ААӨБ төрағасы. 1995 жылдан - СҚО Соколов ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 1997 жылдан - СҚО Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары. 2003 жылдан - СҚО Қызылжар ауданының әкімі. 2004 жылдың қаңтарынан - СҚО әкімінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаменті бастығының бірінші орынбасары (Петропавл қ.). 2004 жылдың шілдесінен - СҚО Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары. 2007 жылдан - СҚО Есіл ауданының әкімі. 2010 жылдың сәуірінен бері - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі. 2013 жылдан - СҚО Мамлют ауданының әкімі. 2014 жылдан - СҚО әкімінің орынбасары. 2016 жылдан - СҚО мәслихатының хатшысы. 2023 жылдың наурызынан - СҚО мәслихатының төрағасы.

«Құрмет» орденімен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы майор.

Үйленген. Жұбайы - Бубенко Людмила (1954 ж. т.), педагог. Ұлдары - Бубенко Вадим (1974 ж. т.), Бубенко Сергей (1984 ж. т.); қыздары - Агай Оксана (1979 ж. т.), Бубенко Юлия (1998 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Bio-stub