Владимир Сергеевич Ким

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Сергеевич Ким (1960 жылы туған), инженер-құрылысшы, техника ғылымының кандидаты (1997). Бизнес және әкімшілік басқару бойынша философиялық докторы. Алматы архитектура-құрылыс институтын (1982) бітірген. 1982-1997 жылдары «Алматы өндірістік құрылыс» тресінің 2-құрылыс-монтаж басқармасында тас қалаушы, «Алматықұрылыс» тресінің құрылыс-монтаж басқармасында бас инженер, Алматы қаласы Мәскеу аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ КСР мәдениет, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры бас директорының орынбасары, атқарушы директоры, «Қазақстан-Самсунг» бірлескен кәсіпорны басқармасының төрағасы, «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамының басқарушысы, 1997 жылдан өзінің бастамасымен құрылған Қазақстандағы ең ірі компания — «Қазақмыс» корпорациясының президенті, 2000 жылдан корпорация директорлар кеңесінің төрағасы — корпорация президенті. Экономика, қаржы және маркетинг бойынша Корея, ГФР және Швейцарияда білімін жетілдірген.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}