Владимир Родионович Коломиец
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Владимир Родионович Коломиец (1935 ж. т.) –украин халық ақыны. «Ай», «Ащы шарап», «Партитура», «Переяслав», «Шерапасы» т. б. кітаптарымен Украин оқырманына жақсы таныс. Коломиец 1974 ж. «Дніпро» баспасынан жарық көрген ‘’«Абай Құнанбаев»’’ жинағына енген ақынның «Сегіз аяқ» өлеңі мен «Ескендір» поэмасын украин тіліне аударған. <ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>