Владимир Петрович Матвиенко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Петрович Матвиенко - 1949 жылы 3 тамызда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Степановка ауылында туған. Украин.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі факультетін бітірген (2002), дене тәрбиесі және спорт оқытушысы, күрестен жаттықтырушы.

  • 1967 жылдан - Спорттық қоғамдар мен ұйымдар одағы Қостанай облыстық кеңесінің грек-рим күресінен нұсқаушы.
  • 1971 жылдан бері - Қостанай облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» MM грек-рим күресінен жаттықтырушы-оқытушы. 30-дан астам КСРО спорт шеберін; грек-рим күресінен халықаралық кластағы 2 спорт шеберін; грек-рим күресінен ҚР чемпионы (1999) Матвиенко Сергейді тәрбиелеген.

Бүкілодақтық санаттағы төреші. ҚазКСР Халыққа білім беру ісінің үздігі. Дене тәрбиесі және спорт үздігі. ҚР спортының құрметті қайраткері (2005). КСРО спорт шебері (1972). Грек-рим күресінен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1988).

«Астана» (1998), «Ерен еңбегі үшін» (2006) медальдарымен; ҚР Олимпиада комитетінің Алтын белгісімен марапатталған (2000). Қостанай қаласының Құрметті азаматы (2007).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жарқын болашақ. Қазақстан әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кіретініне сенімдімін».

Хоббиі - балық, аң аулау, автомобиль жүргізу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс әдебиеті.

Үйленген. Жұбайы - Матвиенко Тамара Федоровна (1951 ж. т.), Қостанай облыстық әкімшілігінің дене тәбиесі және спорт басқармасының «№3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» MM директорының оқу бөлімі жөніндегі орынбасары.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub