Владимир Пантелеевич Татенко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Пантелеевич Татенко (25.8.1931 ж.т., Украина, Дөнецк облысы бұрынғы Тельман ауданы Старая Лапса с.) - кинорежиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1978). 1955 ж. Кишинев университетінің жаратылыстану факультетін, 1969 ж. Бүкілодақтық кинематография институтының сңенарийлік факультетін (А.Я. Каплер мен К.К. Парамонованың жетекшілігімен) бітірді. 1955 - 72 ж. Қарағанды облысы телевизия мен радиохабар жөніндегі к-ті жанындағы "Телефильм" шығармашылық бірлестігінің жетекшілік әрі бас редакторы, 1972 жылдан "Қазақфильм" студиясында деректі фильмдер реж. ал 1986 жылдан Қазақстан Кинематографияшылар одағы басқармасының 2-хатшысы болды. Өмір материалына терең бойлай отырып, оны өзіне тән азаматтық әуен-сазымен ашып бейнелеу - Т. қойған фильмдерінің ерекшелігі болып табылды. Ол қоятын фильм сценарийлерін, негізінен, өзі жазды. Қойған фильмдері: "Жылдар өткен соң..." (1970), "Шахтерлер әулеті" (1971), "Донбасс - Кдрағаңды" (1974, 1975 ж. тандаулы қысқа метражды фильмдер бойынша Кишинев қнда өткен 8-Бүкілодақтық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды), "Қарлығаш" (1977,1978 ж. Ташкеит қаласында өткен Халықар. Азия, Африка және Лат. Америкасы елдері кинофестиваллінің сыйл-на ие болды), "Алма гүліне оранған қала" (1978), "Алматы" (1979), "Тоқаш Бокин" (1983), "Аюдың ұжымшарға қажетіне не?" (1984, 1985 ж. Краков қнда өткен Халықар. кинофестиваль дипломы берілді), "Мектеп: өзгеріс кезеңі" (1985,1986 ж. Алматы қаласында өткен 19-Бүкілодақтық кинофестивальдің 1-сыйлығына ие болды), "Ең қымбатты" (1987), "Марьям мен Тадеуш" (1988), т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1979).

Діни көзқарасы - агностизмді жақтаушы.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Саясатпен айналыспаймын».

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Болжам жасамаймын».

Сүйіп оқитын әдебиеті - бүкіл орыс әдебиеті және әлемдік әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Татенко (Тарасова) Светлана Ивановна. Қызы - Клебанова Дарья Владимировна.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}