Владимир Николаевич Околович
Владимир Николаевич Околович (1.1.1933 жылы, Ресей, Владивосток қаласы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1978), профессор(1982), Қазақстан ғылым академиясының академигі(1989).<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том</ref>
Оқу жолы
Томск политехникалық институтын бітірген (1956).
Жұмыс жолы
Қазақстан Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында аға лаборант (1956–1957), кіші ғылыми қызметкер (1957–1960), аспирант (1960–1963), аға ғылыми қызметкер (1964–1966), институт директорының орынбасары (1966–1986), Қазақстан Ғылым Академиясы физика-математикалық ғылымдары бөлімшесінде академия-хатшының міндетін атқарушы, академик-хатшы, бас ғылым хатшы (1984–1986), Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті (1989–1996) әрі Қазақстан Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында лаборатория меңгерушісі болды. 1997 жылдан Минск қаласында (Беларусь) тұрады.
Ғылыми еңбектер
- 1977 жылы «Исследование процесса деления доактинидных ядер в реакциях (заряженными частицами)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
- Негізгі ғылыми еңбектері ауыр ядроның бөлінуі мен құрылымы физикасына және оның қасиеттерін зерттеуге арналған.
- 250-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>
Ішкі сілтемелер
Дереккөздер
<references/>