Владимир Николаевич Вуколов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Николаевич Вуколов 1950 жылы 10 сәуірде Талдықорған облысы Сарқанд ауданы Сарқанд ауылында туған. Орыс. Әкесі - Вуколов Николай Алексеевич, марқұм, ҚазКСР Автомобиль жолдары министрлігінде инженер-жол жөндеуші, бас маман болып еңбек етті. Анасы - Вуколова Мария Петровна, марқұм, Апматы қ. Горпромторгта есепші болып еңбек етті. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін үздік бітірген (1972), мамандығы - «Тарих». Педагогика ғылымдарының кандидаты (1981), докторы (2002). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Жоғары оқу орындарындағы туристік индустрия мамандарын дайындаудың теориясы мен тәжірибесі». Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры (2000 жылдан). ҚР Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі (2008 жылдан бері). «Халықаралық туризм тарихы және теориясы» (2005), «Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тәсілдерінің негіздері» (2005) кітаптарының, «Солтүстік Тянь-Шань бойымен. Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы бойынша таулы туристік бағыттар» оқу құралының (2006); 208 мақаланың авторы. «Мамандыққа кіріспе» (1995), «Экскурсия жүргізу» (1995), «Туризмді басқару» мамандығына арналған туризм факультетінің оқу-жұмыс жоспары» (1995) оқу курстары бағдарламаларының меншіктік интеллектілік нысанына авторлық құқығы бар. Орыс және неміс тілдерін біледі. 1967 жылдан - ҚазКСР Бас тас жолдар басқармасында жұмыскер. 1968 жылдан - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты тарих факультетінің студенті. 1972 жылдан - Кеңес Армиясы Әскерінің қатарында қызметте. 1974жылдан - Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институты тарих факультетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, аға ғылыми қызметкер. 1994 жылдан - «Тұран» университеті туризм факультетінің деканы. 1999жылдан - Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы «Туризмді және қызмет көрсетуді басқару» кафедрасының профессоры. 2000 жылдан - Қазақ спорт және туризм академиясы туризм факультетінің деканы. 2008 жылдан - Курск мемлекеттік университетінің визит-профессоры. 2009 жылдың қыркүйек айынан бері - Қазақ спорт және туризм академиясы туризм факультетінің деканы. КСРО спорт шебері (1977). ҚР спорт туризмінен халықаралық кластағы спорт шебері (2004). ҚазКСР Туризм федерациясы президиуымының мүшесі (1980 жылдан), КСРО Туризм федерациясы Тау комиссиясының мүшесі (1991 жылдан), Алматы қаласы Спорттық туризм федерациясының президиум мүшесі (1994 жылдан), ҚазТурАссоциациясы құрылтайшыларының бірі (1991 жылдан). Ресейдің Еңбек сіңірген саяхатшысы. ҚР Құрметті туризм қызметкері (2002). ҚР Еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы (2005).

  • Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
  • Діни көзқарасы - атеист.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Болашақта Қазақстан Республикасының туризмнен түсетін табысымұнайдан түсетін табыстан анағұрлым жоғары болатын дамыған туристік державаға айналу мүмкіндігі бар».
  • Хоббиі - авторлық әндерді орындау.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - саяси публицистика.
  • Үйленген. Жұбайы - Ольга Николаевна (1956 жылы туған), «Sunkar Almaty» турфирмасының директоры.
  • Ұлдары - Николай (1979 жылы туған), Апександр (1983 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref><ref>ISBN 9965-822-57-3 Жолымбетов Қ., 2009 Құлназаров А., 2009 "Сөздік-Словарь", 2009</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub