Владимир Николаевич Балахонцев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Владимир Николаевич Балахонцев 1967 жылы 12 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Архангелка ауылында туған. Орал орман техникалық институтын (Свердловск қ., 1991) орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылдан - Орал орман техникалық институтының (Свердловск қ.) студенті, БЛКЖО комитеті хатшысының орынбасары. 1991 жылдан - орман шаруашылығы кәсіпорнының (Петропавл қ.) орман қорғау инженері, бас орманшысы, директоры. 2000 жылдан - жануар және өсімдік әлеміне мөмлекеттік бақылаудың облыстық аумақтық басқармасының (СҚО) бастығы. 2002 жылдан - орман және аңшылық шаруашылығының облыстық аумақтық басқармасының (СҚО) бастығы. 2004 жылдан - СҚО Есіл ауданының әкімі. 2007 жылдан - СҚО әкімінің орынбасары. 2008 жылдың қарашасынан бері - Ақмола облысы Щучинск (қазір Бурабай) ауданының әкімі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub