Владимир Леонидович Астафьев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox writer

Владимир Леонидович Астафьев (1.1.1958 жылы туған, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы) – инженер-механик, техника ғылымдарының докторы (2003), профессор (2007), ҚР Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі (2009).

Челябі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтын (1979) және оның аспирантурасын (1989) бітірген. Қостанай облысы «Целинный» кеңшарында аға инженер, механикаландырылған отряд бастығы (1980–83), Қостанай қаласындағы Тың өлкесі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылым-зерттеу институтында кіші, аға ғылым қызметкер (1983–1985), сектор, лаборатория меңгерушісі, институт директорының ғылым жұмысы жөніндегі орынбасары (1989–2007), директоры (2009 жылдан), Алматы қаласындағы ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылым орталығының Бас директоры (2007–09) қызметтерін атқарады.

«Повышения эффективности механизированного процесса производства кукурузы на силос широкозахватным агрегатами» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылым жұмысы – Солтүстік Қазақстан облысы жағдайына ыңғайлап сүрлемдік дақылдарды өсіріп, жинаудың технологиясын жасау; сол өңірде егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге қажетті машиналар жүйесін қалыптастырып жасауға арналған.

Астафьев 130 ғылым еңбектің авторы, 30 авторлық куәлігі мен патенті бар. Астафьевтің ғылым-зерттеулері нәтижесінде жасалған машиналар Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ресейдің Челябинск облысында өндіріске енгізілген. ҚР Білім және ғылым министрлігінің А. И.Бараев атындағы сыйлық лауреаты (2001, астық өндіруге қажетті қор үнемдейтін кешенді машиналар жасағаны үшін).<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Владимир Леонидович Астафьев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}