Владимир Викторович Нидергаус

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Владимир Викторович Нидергаусқазақстандық және ресейлік шабуылшы. Қазақстан құрамасының тарихтағы тұңғыш голының авторы. Қазақстан құрамасы сапында 4 матч өткізген. 1994 жылы Ресей құрамасы сапында бір ойын ойнаған. Неміс ұлтынан шыққан.

Футболшылық карьерасы

Көкшетау футболының түлегі. Алғашқы бапкері — Сергей Зайцев. Футболшы мансабын Көкшетаудың "Торпедо" клубында бастаған. Кейін алматылық "Қайратқа" ауысты. Ең ұзақ ойнаған клубы — ресейлік "Ротор" (Волгоград). "Ротор" сапында 1997 жылы чемпиондықты соңғы сәтте ғана "Спартакқа" беріп қойып, команда күміс жүлдені қанағат тұтты. Осыдан кейін Нидергаус Израильде екі жыл ойнап, "Роторға", сосын Қазақстанға оралды.

2004 жылы футболшы карьерасын аяқтады.

Қазір Қостанайдың "Тобыл" клубының бас бапкері.

2021 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін Солигорскінің «Шахтёр» клубының спорттық директоры болды. 2023 жылғы қаңтарда Владимир алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 2023 жылғы мамырда Беларусь футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комиссиясы Владимирге Беларусь футбол федерациясымен байланысты кез келген қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салды, сондай-ақ ол неміс төлқұжатының иесі ретінде Германияға мәжбүрлі түрде депортациялануы мүмкін<ref>https://bookmaker-ratings.kz/ru/news/chto-izvestno-o-dele-nidergausa-i-shahtera-iz-za-stranny-h-matchej-mogut-peresmotret-itogi-chempionata-belarusi/</ref>.

Жетістіктері

Қазақстанның екі дүркін чемпионы — 1992, 2000

Қазақстан кубогы — 1992

Израиль кубогы — 1998

Ресей чемпионатының күміс жүлдегері — 1998

Ресей чемпионатының қола жүлдегері — 1996

Интертото кубогының финалисі — 1996

Сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер