Владимир Александрович Фомичев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Владимир Александрович Фомичёв (18 мамыр 1954, Алматы<ref>[1] Үлгі:Webarchive</ref>, КСРО) — КСРО және қазақстандық футболшы, бапкер.
Мазмұны
Карьерасы
Алматы футболының түлегі. 1972-75 жылдары "Қайрат" сапында КСРО жоғары тобында өнер көрсетті. Одан бөлек КСРО екінші лигасында "Восток", "Екібастұз" командаларында доп тепті.
1991 жылдан бапкерлікке кірісті. 2000 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасын баптады, бірақ бір ойында ғана. Ол ойында Қазақстан құрамасы БАЭ футболшыларынан 2:5 есебімен ұтылып қалды.
2001 жылы Қазақстан клубтары құрамасын жаттықтырып, Шығыс Азия ойындарында үшінші орын алды.
Бірнеше рет Қазақстан жастар құрамасына бапкер боп тағайындалды.
Жетістіктері
Командалық
Бапкер ретінде
- Қазақстанның вице-чемпионы: 1993
- Шығыс Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001 (Қазақстан клубтары құрамасымен)
- Қазақстан кубогы: 2002
Жеке
- АФК сауалнамасы бойынша Азияның үздік бапкері: 1998 қазан
- АФК сауалнамасы бойынша Азияның үздік бапкері: 1999, маусым.
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:
- КСРО футболшылары
- Қайрат ФК ойыншылары
- Восток ФК ойыншылары
- Екібастұз-1979 ФК ойыншылары
- Қазақстан футбол жаттықтырушылары
- Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары
- Екібастұз-1979 ФК жаттықтырушылары
- Ұлытау ФК жаттықтырушылары
- Қайрат ФК жаттықтырушылары
- Жеңіс ФК жаттықтырушылары
- Оқжетпес ФК жаттықтырушылары
- Насаф ФК жаттықтырушылары
- Восток Өскемен ФК жаттықтырушылары
- Қызылжар ФК жаттықтырушылары
- Тараз ФК жаттықтырушылары
- Каспий ФК жаттықтырушылары
- Машал ФК жаттықтырушылары