Виталий Алексеевич Гришко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виталий Алексеевич Гришко 1946 жылы 13 ақпанда РКФСР Приморск өлкесі Уссурийск қаласында туған. Орыс. Ленинград Мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтының актерлік факультетін бітірген (1968), театр және кино актері. Орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1972 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері. «Василиса Прекрасная» (Змей Горыныч), «Дядя Ваня» (Серебряков), «Иванов» (Шабельский), «Конек-Горбунок» (2-боярин), «Сети дьявола» (Вельс), «Уроки французского» (Жозеф), «Как важно быть серьезным» (Чезюбл), «Я не Раппопорт» (Нат), «Вишневый сад» (Гаев) спектакльдерінде рөлдер орындайды. «Қазақфильм» киностудиясының «Ұлымның оралуы», «Даладағы қуғын» кинофильмдеріне түскен. Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: «Эти свободные бабочки», «Мещанская свадьба», т.б. Мәдениет министрлігінің белгісімен марапатталған (2004). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жарқын болашақ». Сүйіп оқитын әдебиеті - ағылшын тілінен аудармалар. Үйленген. Жұбайы - Полишкис Валентина Николаевна (1938 жылы туған), актриса. Қызы - Виктория (1970 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub