Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар. Оларға биологиялық препарат тар — гамма-глобулин, интерферон, сондай- ақ кейбір химиялық заттар жатады. Гамма — глобулинқан сарысуының белоктық фракцияларының бірі болып табылады; бұл препараттың құрамында микроорганизмдерді — ауру қоздырғыштарды өлтіруге көмектесетін қорғаушы антителолар бар. Оларды қан берушілердің, олардың ішінде белгілі бір жұқпалы ауруға қарсы вакцина егілген қан берушілердің қанынан, вакцина егілген малдың, т. б. қанынан алады. Гамма-глобулин препараттарын тұмау, Боткин ауруы, қызылша, энцефалит, құтыру, және басқа вирустық аурулардың, сондай-ақ бактериялар тудыратын кейбір аурулардың (стафилококк жұқпалы ауруы, көкжөтел, т. б.) алдын алу және оларды емдеу үшін қолданады. Гамма-глобулин организмнің түрлі ауруларға жалпы қарсылық көрсет у д де күшейте алады. Оның аллергиялық әрекеттер және басқа құбылыстар туғызуы мүмкін, сондықтан ол тек дәрігердің ұйғаруымен ғана енгізілуге тиіс.

Лейкоцитті интерферон — организм клеткаларында вирустың енуіне қарсы жетілетін қорғаушы белоктар. Кейбір вирустық аурулардың алдын алу және оларды емдеу үшін пайдаланылады. Тұмаудың алдын алу үшін — ауру етек ала бастаған кезде оны мұрынға күніне 2 рет (ең алдымен 3 айға дейінгі нәрестеге) тамызу керек. Химиялық препараттар да: ремантадин мен оксолинде вирусқа қарсы әрекет етеді. Ремантадинді ересек адамдардың тұмауын бастапқы кезінде емдеу және оның алдын алу үшін қолданады; 0,25 проценттік сүртпе май түріндегі оксолинді (мұрынға жататын) тұмаудың алдын алу үшін пайдаланады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}