Виктория сарқырамасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Victoriafälle.jpg
Виктория сарқырамасы

Виктория (Үлгі:Lang-en) - оңтүстік Африкадағы Замбези өзеніндегі сарқырама. Замбияның және Зимбабвенің шекарасында орналасқан. Сарқыраманың ені - шамамен 1800 метр, биіктігі - 120 метр.

Шотландық зерттеуші Дэвид Ливингстон 1855 жылы сарқырамада болған, оны Виктория ханымының атына қойды. Осы жердің тұрғылықты халқының арасында сарқырама "күркіреуік түтін" деген атпен белгілі.

Виктория сарқырамасы оңтүстік Африканың басты көрікті орындарының бірі болып табылады, ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасына жатады. Замбиядағы "Күркіреуік түтін" ("Mosi - oa - Tunya") және "Сарқырама Виктория" деген екі ұлттық парктың ортасында жатыр.

Виктория - әлемдегі биіктігі 100 метрден, ұзындығы 1 километрден асатын жалғыз сарқырама.

Тарихы

Ең ескі ғылымға сүйенсек,виктория сарқырамасының жанында орналасқан халық тұрғындары аңшылар болған, сол халық тілінде бұл сарқырама Shongwe деп аталды, Amanza Thunqayo, Mosi - oa - Tunua ("Күркіреуік түтін").

Ең бірінші сарқыраманы Еуропалықтардан көрген Дэвид Ливингстон болып саналады. Ол сарқырама туралы былай деген екен: "Ешкім Англияда көргенді ешнәрсемен салыстыра алмайды. Еуропалықтар бұндай сарқыраманы көрмеген. Бұл жер өте көрікті,."

Сарқыраманың ерте сипаттамаларын португалдық Пинто, чех зерттеушісі Эмиль Холуб, британдық суретші Томас Бейнес, Викторияның бірінші сақталған суреттің авторы болып табылады.

Дереккөздер

Орыс Уикипедиясынан аударылды Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Commons