Визит (компания)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"ВИЗИТ" АҚ

Қазақстанның салқындатылған сусын өндіретін ең ескі компанияларының бірі және қант негізінде сусын өндіретін санаулы компаниялардың бірі. "Визит" акционерлік қоғамының тарихы 1930 жылы Шымкент қаласында Средне-Волжск аймағының Бродтресті бөлімінің сауда-өндірістік қоймасының ұйымдастырылуымен басталады. 1932 жылдан бастап алкогольсіз сусындар өндіріле бастады, алайда зауыттың атағы 1949 жылы зауыт территориясында сыра өндіретін герман құрылғылары орнатылғаннан кейін шыға бастады. Осы зауытта сыра 1976 жылға дейін өндіріле бастады. Сол кезеңде зауыт "Южказпиво" деп аталды. 1976 жылы "Шымкентпиво" бірлестігінің құрамында алкогольсіз сусындар мен минералды сусындарды өндіре бастады. 1992 жылы Шымкент алкоголсіз сусындар зауыты "Шымкентпиво" құрамынан шығып, өз лдына алкогольсіз сусындар өндіре бастады. 2006 жылдан бастап жаңа технологиялар енгізіле бастады. Және де "ЛЕГЕНДА золотого корня" брендімен денсаулық сериясында төрт сусын түрін шығара бастады. Одан басқа, жергілікті шикізатқа негізделген салқын шайлар, кисельдер, квастар және басқа да өнімдер шығара бастады.

сілтеме